jasqazaq.kz

Баласы сабаққа бармаған ата-анаға айыппұл салына ма?

04 маусым 2019, 14:07

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова баласы сабаққа бармайтын ата-аналарға айыппұл салуға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Жалпы, айыппұл балаларын мектепке жібермейтін ата-аналарға арналған. Өкінішке орай, мұндай проблема тек бірінші сыныпта ғана бар. Дегенмен өзге де сыныптарда кездесіп жатады. Сондықтан проблеманың бір жағын шешіп жатсаң екінші жағы шыға келеді. Бірақ, барлығына бірдей айыппұл салу туралы сөз болып отырған жоқ. Әр мәселе жеке-жеке қаралатын болады», — деді Күләш Шәмшидинова бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басында WhatsApp мессенджері арқылы «Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15883 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарап, ата-аналардың ренішін туғызған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде