jasqazaq.kz

Балаңыз қандай жағдайда 0-сыныпқа бара алмайды?

19 ақпан 2019, 16:27

Білім және ғылым министрлігі 0-сыныпқа балаларды қабылдау ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні барынша қарапайым. Мақсат — балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігі (сандар мен әліпби) 0-сынып бағдарламасына ауысатын болады. Сондай-ақ, тәрбиешілердің дәрежесін бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізу көзделген.
«0-сыныптың мәні — балабақшалардағы даярлық топтарына бірыңғай бағдарламалар мен оқулықтарды енгізу. Бүгінде 0-сынып дегеніміз- балабақшадағы даярлық тобы. Егер мектептің өз ғимаратында 0-сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқығы бар. Балабақшаларды да мұндай құқықтан ешкім айырған жоқ», — делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осылайша, 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектеп мен балабақшада 0-сыныптар ашылады. Алайда қолданыстағы білім туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Бұл нормаға өзгеріс енгізіледі.

«2019 жылы, былтырғы жылғыдай, 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. Бірақ егер бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы тиіс екендігін ескеруіміз қажет», — дейді министрліктегілер.

Дереккөз: sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде