jasqazaq.kz

Баланың құны 200 мың теңге ме?

19 наурыз 2018, 15:26

Теміртаулық әйел егіздерінің шетінеп кеткені үшін дәрігерлерді сотқа берді. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының сайтында айтылған.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты арызданушы Ж. жауапкер облыстық перинаталдық орталық, Теміртау қаласының №2 емханасы, перзентханасы, «Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ден моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісін қарады. Істі қарау барысында, арызданушы жүктіліктің 6-шы айында Теміртау қаласының №2 емханасына есепке алынғаны анықталды. Жүктілік қалыпты өтіп, 2017 жылдың 15 қарашасына белгіленген болатын. 12 қарашада әйел әлсіреп, Теміртау қаласының перзентханасына жедел жәрдеммен жатқызуды өтінген. Алайда бұл өтініш қабылданбаған. 2017 жылы 17 қарашасында әйел «ОПЦ» КММ-ге түсіп, сол күні толық жетілген екі сәби өлі туылған. «Медициналық фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша депратаменті жүргізген тексерістен сапасыз қызмет көрсетілгені анықталды. Анықталған мән-жайлар ескеріліп, парасаттылық пен әділеттілік өлшемдерін басшылыққа ала отырып, талап қоюшының арызы жартылай қанағаттандырылды және моральдық зиян өтемақысы 200 000 теңге мөлшерінде деп анықталды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Мұның алдында әйел егіздердің өліміне жауаптыларды жазалауды сұрап, прокуратураға арыз жазғаны хабарланған.

Tengrinews.kz 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды