jasqazaq.kz

Баланы ұрып жіберген интернат тәрбиешісі жазаланды (видео)

03 қазан 2018, 11:23

Алматыда баланы шымшылап, оны бетінен ұрып жіберген интернат тәрбиешісі жұмыстан шығарылды.

Tengrinews.kz  жазғандай, бұл оқиға 1 қыркүйекте, дүйсенбіде жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған №10 жалпы білім беретін интернатта болған. Тәрбиеші үш оқушыны тақтаға шығарып, сыныптастарының көзінше айғайлай бастаған. Тіпті бір оқушының қолынан жұлқылап, бетін шымшып, ұрып жіберген. «Біздің өзіміз есеңгіреп қалдық. Мектеп директоры бұл жайлы кеше ғана естіп, бірден шаралар қабылдады. Тәрбиеші педагогикалық этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды. Әйел өз кінәсін мойындады. Баланың ата-анасы шағым түсірген жоқ. Қазіргі уақытта білім басқармасындағылар жедел жиын өткізіп жатыр. Интернаттың жұмысы бақылауға алынды», — деп хабарлады Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Айтқұлова. Тәрбиешілердің мұндай әрекетіне жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі себеп екені айтылады. Айтуларынша, осы қызметке жақсы маман табу қиын, себебі тәрбиешінің жалақысы өте аз және ондай жалақыға барлығы келісе бермейді. Айта кетейік, №10 жалпы білім беретін интернат жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға білім беретін екі оқу мекемесінің бірі. Мектепте шамамен 200 оқушы бар.

https://www.youtube.com/watch?v=MPSs7v2EZ-I&feature=youtu.be

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді