jasqazaq.kz

Баланы тұншықтырған Теміртаулық тәрбиеші туралы тағы бір құпия анықталды

09 қыркүйек 2018, 13:44

Тамыз айының соңында Теміртауда жекеменшік балабақша тәрбиешісінің жылаған баланы көрпемен тұншықтырған видеосы әлеуметтік желі арқылы тарап, қоғамды үлкен резонанс тудырған болатын. Қатыгез тәрбиешінің есімі Үміт екендігі белгілі болды деп хабарлайды Baq.kz.

Балабақшада тәрбиешісімен бірге жұмыс істеген қала тұрғыны Үміттің қандай маман екендігін айтып берген.

«Ғаламтор арқылы тараған видеодағы тәрбиешінің бір кездері қызметтес болған Үміт екендігін бірден таныдым. Осыдан 2 жыл бұрын Үмітпен мемлекеттік балабақшада шамамен бір жылдай бірге жұмыс істедік. Біртоға, көп сөйлемейтін әйел болатын. Кейіннен мен отбасылық жағдайыма байланысты жұмыстан шығып кеттім. Үміт те менен кейін ол балабақшадан кеткен екен», — дейді Теміртау тұрғыны Асыл Қалдыбаева.
Оның айтуынша, Үміт мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесінде бала күтушісі болып жұмыс істеген, яғни балалардың тәрбиесімен емес, олардың күтімімен айналысқан.

«Оның жекеменшік балалар бақшасында тәрбиеші қызметін атқарғанын естігенде таңдандым. Себебі, менің білуімше, оның тәрбиеші болуы үшін арнайы білімі жоқ болатын», — дейді Қалдыбаева.

Еске салайық, Теміртаудағы «Домик» жекеменшік балабақшасында тәрбиеші жылаған баланы көрпемен тұншықтырып, жұбатпақ болған болатын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді