jasqazaq.kz

Баланы құтқарып, өздері шыға алмаған: оқиғаның мән-жайы белгілі болды (Видео)

13 шiлде 2022, 11:26

Желіде су қоймасындағы қатты ағыстан баланы құтқару сәті түсірілген видео тарады. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі China News сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 8 шілдеде Шыңжаңдағы Артуш қаласында болған. Қазақстан ТЖМ өкілі видео басқа елде түсірілгенін мәлімдеді, өйткені «кезекші пультіне оқиға туралы қоңырау түспеген». Оқиға Қытайда болған екен.

Басылым мәліметінше, бала абайсызда су қоймасына құлап кеткен. Осылайша, баланы қатты ағыс алып кеткен. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Артуш қаласының Шаңғарташы кенті Бойшақ ауылы полиция бөлімшесінің патрульдік тобынан үш көмекші полицей аумақты күзетіп жүрген кезде 11 жастағы бала су қоймасына батып бара жатқанын анықтаған.

Көмекші полицейлер Тургон Йомаилцзян мен Мухетар Рехеманьцзян құтқару операциясын бастау үшін бір-бірлеп каналға секірген. Каналдың екі жағындағы қатты ағыс пен тас салдарынан екеуі де батып бара жатқан баламен бірге төмен қарай ағып кеткен. Бірақ олар батып бара жатқан баланы аман алып қалған.

Жағаға шыққан кезде Мухетар Рехеманьцзян өзінің әріптесі ағып бара жатқанын көріп, денесіндегі жара мен шаршағанына назар аудармай, көмекке жүгірген. Полицей әріптесін құтқару үшін тағы да су қоймасына секірген. Ақыр аяғында екі көмекші полицей де судан аман-сау шыққан.

Бала ауруханаға жіберілген. Уақытылы құтқарылғанының арқасында балаға төніп тұрған қауіп жоқ.

https://youtu.be/w2EWUpjMCto

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр