jasqazaq.kz

Балаларға қарбызды қабығымен жегізді (видео)

03 шiлде 2020, 15:53

Белгісіз ер адам екі баланы жерде қарбызды қабығымен жеуге мәжбүрлеп, видеоға түсірген. Ол Желі қолдаланушыларының наразылығын тудырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Әлеуметтік желілерде, пікір қалдырушылардың айтуынша, қорлық көрген балалардың видеосы тарады. Кадрларда ер адам жерде жатқан қарбызды балаларға қабығымен жегізеді. Оларға «шайнамай сиыр құсап же» деп, видео бойы былапыт сөздер айтады.

 https://www.instagram.com/tv/CCIEYU6nzEy/?utm_source=ig_embed

Видео авторының сөзіне қарағанда, балалар егістіктен қарбыз ұрлағаны үшін жазаланғанын түсінуге болады. Алайда оқиға қай жерде болғаны белгісіз. Ал әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның өзін жазалау керегін айтып жатыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин бұл іс бойынша Қазақстан Ішкі істер министрлігіне ресми сұрау жіберілгенін айтты. Ол бұл оқиға болған жерді жылдам анықтауға және кінәлілерді жауапқа тартуға көмектеседі деп үміттенеді.

Ал Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қазір мамандар видеоны тексеріп жатқанын хабарлады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде