jasqazaq.kz

Балаларға бөлінген ноутбук ұрланған

26 наурыз 2021, 12:58

Солтүстік Қазақстан облысы білім бөлімінің қызметкерлері кедей отбасындағы балаларға көмек ретінде үкімет есебінен сатып алынған ноутбуктерді ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Солтүстік қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстағы бір аудан әкімдігінің білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасынан шыққан аудан мектептерінің оқушылары үшін Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған қаражаты есебінен білім басқармасы сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін ұрлады деген күдікке ілінді», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, мемлекетке келтірілген залал сомасы 12 миллион теңгеден асқан.

«Істің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекетінің нәтижесі бойынша қабылданады», — деп түсіндірді Бигайдаров.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия