jasqazaq.kz

Балалардың денсаулығына қауіпті ойыншықтар анықталды

19 ақпан 2019, 11:34

Еліміздің бірқатар өңіріндегі сауда орындарынан балалардың денсаулығына қауіпті ойыншықтар анықталды. Бұл жайында Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті мәлім етті.

Ведомство ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы сауда нүктелерінен сатып алынған «Фея парк» қуыршағы, «My Little Horse» Fantastic toys ойыншығы, «LOL superise Castle park» қуыршағы құрамындағы фенол мен метил спиртінің рұқсат етілген мөлшері екі есе, тіпті одан да жоғары мөлшерде болған. Сонымен қатар, ойыншытардың таңбалануында сәйкессіздіктер бар. Мұнан бөлек, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Зырян, Риддер қалаларында, Петропавлда, Таразда, Қостанайда, Талдықорғанда саудаланған балалар тауарларының арнайы таңбалары жоқ. Қытайда шығарылған «Sofia the first» қуыршағы, «Robocar Poli», «Hermit crab» ойыншықтары, «Мини тобот» автомобиль трансформері, Барби қуыршағы, пони, бильярд, автомобиль трансформерлері, тікұшақ, балалар сылдырмағы, машиналар, «LOL» қуыршағы сынды ойыншықтар мүлдем таңбаланбаған. «Комитет азаматтардан балалар ойыншық сатып алу барысында тауардың таңбалануына жіті назар аударуды табанды түрде өтінеді. Себебі тұтынушылар білуі тиіс шығарушы және материал құрамы, өнім неден жасалғаны, жас шектеуі туралы ақпараттар орамасында көрсетіледі. Сатушылардан тауардың қауіпсіздігін дәлелдейтін сәйкестік сертификатын сұрауға кеңес береміз. Себебі 2018 жылдың тамызынан Қазақстан аумағына сәйкестігін бағалау туралы құжаты жоқ ойыншықтарды әкелуге тыйым салынған», — деп атап өтеді комитеттен. Сонымен қатар, ведомство жоғарыда аталған қауіпті ойыншықтарды сауда нүктелерінен алып тастау, сатушыларға әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өткен.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда