jasqazaq.kz

Балаларды тонаған: Алматыда қалта ұрысы ұсталды

24 наурыз 2022, 15:05

Алматыда балаларды тонаған қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол көбінесе әйелдер мен мектеп оқушыларының қалтасын қаққан.

«Қоғамдық көліктегі ұрлықтың алдын алу бойынша іс-шара барысында біздің бөлімше қызметкерлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен қоғамдық көлік бағыттарының бірінде 33 жастағы Д.есімді азаматты ұстады. Оның қалтасынан ұрланған смартфон табылды.

Мобильді құрылғы тәркіленіп, оқушының ата-анасына қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Алматы облысының тумасының осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр