jasqazaq.kz

Балаларды суицидке итермелеген тұрғын ұсталды

17 маусым 2020, 12:26

Түркістан облысында жасөспірімдерге арналған суицидтік топтың “кураторы” ұсталды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау бойынша Интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде ІІМ Криминалдық полиция және тергеу қызметкерлері кәмелетке толмаған қазақстандықтардың қатысуымен өз-өзіне қол жұмсау сипатындағы топ туралы ақпарат анықталды.

Өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау бойынша оған қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау үшін ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының және Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Полиция қызметкерлері әрі қарай тексеру жұмысын жүргізу барысында интернет желісіндегі ұйымдастырушының жеке-бас деректері мен мекен-жайын анықтады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде күдіктіден ноутбук, ұялы телефон, үш қорап сим-картасымен және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефоннан суицидке бағытталған телеграм арналары табылды. Қазіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

– Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеріп жатыр. Сондай-ақ жасөспірімдерді осындай өлімге әкелетін ойындарға қатыстыруы мүмкін адамдарды және арна қатысушыларының өздерін де анықтайды, – деп атап өтті ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.

ІІМ ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қабылданатын осыған ұқсас жайттар орын алса, тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия