jasqazaq.kz

Балаларды қандай мәселелер алаңдатады

12 қазан 2017, 14:37

Қоғамдық пікірді сараптау орталығының әлеуметтанушылары Қазақстанның түпкір-түпкірінде тұратын 2 мыңнан астам балалар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялады, –  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауалнамада 8-17 аралығындағы балалар өздерін қаншалықты бақытты сезінетіндерін 10 балдық шкаламен бағалауы тиіс еді. Нәтижесінде, қазақстандық балалар бақытының орташа бағасы 8,8 баллды кұрады. Балалардың 3%-ы өздерін бақытты сезінбейтінін айтып, 1-3 балл аралығында баға берген. «Әсіресе, 8-12 жас аралығындағы жеткіншектер, ауылда тұратын және толық отбасында тәрбиеленетін балалар өздерін бақыттырақ сезінетін көрінеді», — деп түсіндірді Қоғамдық пікірді сараптау орталығы директорының орынбасары Айжан Шәбденова Астанада өткен «Бақытты бала — бақытты отбасы — бақытты ел» атты дөңгелек үстел барысында. Сондай-ақ, балаларға өз денсаулықтарына баға беру ұсынылды. Олардың 89 пайызы өз денсаулықтарын «Жақсы» және «Өте жақсы» деп бағалаған. Айта кетерлігі, толық отбасында өсіп келе жатқан балалар денсаулықтарын «Өте жақсы» деп көрсетсе, анасы немесе әкесі жоқ балалар «қанағаттанарлық» деп жауап берген. Қазақстан балаларының 58 пайызы қандай да бір мәселеге алаңдаулы. Атап айтқанда, оларды білім беру сапасы, өз болашақтарының айқындалмауы, жоғары білім ақысы, үйірмелер мен секциялардың болмауы, бойдың қысқалығы, тері мәселесі және материалдық қажеттіліктер алаңдатады. Жоғарыда аталған 58 пайыздың басым бөлігін 13-17 жастағы қала балалары, оның ішінде қыз балалар құрайды. Сонымен бірге, әлеуметтанушылар бала құқықтары жөніндегі сенім телефоны (111) туралы көбірек ақпарат тарату қажет деп есептейді. Зерттеуге сәйкес, қазақстандық балалардың 72%-ы өз мәселелері бойынша хабарласуға болатын сенім телефонының жұмыс істейтінін білмейді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде