jasqazaq.kz

Балаларды биік шатырға шақыратын қауіпті ойындар пайда болды

29 сәуiр 2018, 21:23

Көкшетау педагогтары әлеуметтік желіде қауіпті ойынның пайда болғанын айтып, ата-аналарға сақ болуды ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы үлкен әлеуметтік мәселе — әлеуметтік желідегі қауіпті ойындарға назар аударуларыңызды сұраймыз. Мұндай ойындардың әкімшілері балаларды жабық топқа шақырады және өліммен аяқталатын түрлі флешмобтарға қатысуға шақырады», — делінген Көкшетаудың барлық мектептерінің сайтында жарияланған үндеуде. Ескертуде айтылғандай, баланың қауіпті ойынға арбалуының алғашқы белгілері — өліммен байланыстырылатын қара және күңгірт түсті киімдерді таңдауы; денесінде күю, кесу және өзге де зақым белгілерінің пайда болуы; үйдегі девайстарға қолжетімділікті шектеу, компьютерлерге кілт сөздер қою. Сондай-ақ, балалардың әлеуметтік желіде депрессияға толы жазбалары мен өз бетін жауып түскен суреттерді жариялауы да суицидтік ойлардан хабар береді. Одан бөлек, WhatsApp желісі бойынша кейбір мектеп директорлары ата-аналарға балалар үшін қауіпті ойындардың пайда болғанын жеткізген. Сондай ойындардың бірі — жасөспірімдердің көпқабатты үйлердің шатырында жүгіруді талап еткен Instagram-дағы үздік бейнеролик байқауы. «Қазіргі балалардың бәріне интернет қолжетімді. Әрбір ата-ана баласының немен айналысып жүргенін, қандай сайттарға кіретінін білуі тиіс. Қазір Instagram-да көпқабатты үй шатырында бейнеролик түсіру байқауы жүріп жатыр. Балалар көбірек лайк жинау үшін түсірілім жасап жүр. Біз ата-аналармен тұрақты жұмыс жүргізудеміз және көмектесуге әрқашан дайынбыз», — деп жауап берді ҚазАқпарат тілшісіне Көкшетау №1 мектеп-гимназиясының психологы Динара Иманбаева. Бұған дейін Көкшетаудағы көпқабатты үйлердің шатырында жүрген жасөспірімдер бейнесі әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Полиция жасөспірімдердің аты-жөнін анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде