jasqazaq.kz

Балалар үйінен азық-түлік пен бензин ұрлаған бас дәрігер сотталды

03 желтоқсан 2020, 13:59

Арқалықтағы мамандандырылған балалар үйінің директоры құны 3 миллион теңге болатын азық-түлік ұрлағаны үшін сотталды.

Арқалық қалалық соты Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған балалар үйі» КММ бас дәрігерін сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыптады.

2016-2019 жылдар аралығында балалар үйіне 30 адамға азық–түлік жеткізілген, дегенмен іс жүзінде онда көп болса 20 ғана бала болған. Іс материалдары бойынша, 4 жыл ішінде сотталушы жалпы сомасы 3 миллион теңгеден аса азық-түлік, сондай-ақ АИ-92 маркалы бензинді миллион теңгеге ұрлап кеткен. Біреудің сеніп тапсырылған біреудің мүлкін ысырап еткені және иемденгені үшін бас дәрігер жазасын бес жыл колонияда өтейді.

«Сот оған мүлкін тәркілеусіз, өмір бойына мемлекеттік қызметте және басқа да ұйымдарда лауазымдарды атқаруға тыйым салып, жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтей отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде