jasqazaq.kz

Балалар отырған көлікте темекі шеккен қазақстандықтарға айыппұл салынады

24 маусым 2021, 13:41

Қазақстан бөлімше полициясы автокөліктерінде балалар бар бола тұра темекі шегіп отыратын жүргізушілерге айыппұл салатын болды. Кодекске әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты түзетулерді Сенат енгізді.

Заң жобасында учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері құқық бұзушылықтың мынадай төрт құрамы негізінде қарау және жаза қолдану бойынша кеңейтіледі:

кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруіне жол беру;
кәмелетке толмаған адамдардың көлік құралдарында темекі өнімдерін тұтынуға тыйымды бұзу;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік қадағалау қағидаларын немесе оған қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамау;
көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау.
Сенатор Андрей Лукин не себепті учаскелік полицияның міндеті осы пункттер бойынша кеңейтілгеніне қатысты түсініктеме берді.

“Мысал келтірейін, көлік қозғалысына кедергі келтірген ішін 2020 жылы 23 500 азаматқа әкімшілік протокол жасалды, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруіне қатысты мыңға жуық жағдай тіркелді. Ал биыл 400 протокол рәсімделіп үлгерді. Бұдан былай бұл Ішкі істер органының басшысы емес, учаскелік инспекторлардың құзыретіне кіреді”, – деді Лукин.

Айтуынша, көбіне бұл өкілеттік ауылдық жерлер үшін қарастырылған.

«Біз елді мекендер, жекелеген ауылдар аудан орталығынан ұзақ қашықтықта орналасқан деп ойлаймыз. Сондықтан хаттама бойынша шешім қабылдап құқық бұзушыны тиісті орынға жеткізуге көп уақыт пен қаражат жұмсалады. Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік учаскесінің орнында қандай да бір бюрократиясыз дәлелдемелермен хаттама жасайды және әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шешім қабылдайды.

Қолданыстағы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес Қазақстанда темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін, оларға арналған сұйықтықтарды онда кәмелетке толмағандар болған кезде көлік құралдарында тұтынуға тыйым салынады. Құқық бұзушылық жасағат жеке тұлғаларға15 АЕК (2021 жылы 43 755 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия