jasqazaq.kz

Балалар көркем гимнастикаға 5 жастан, боксқа 12 жастан қабылданады

22 маусым 2022, 15:22

Елімізде балалардың спорттық жаттығуға жіберілетін ең төменгі жасы бекітіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Спорт түріне байланысты балалардың жаттығуға жіберілетін ең төменгі жасы бекітіледі. Бұл жерде біз қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сүйенеміз. Оның ішінде, «Спорттық резервті дайындау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық мекемелерде спорт түрлері бойынша спортшылардың жасын бекіту туралы» бұйрықты негізге аламыз», — деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Министрдің дерегінше, көркем гимнастикаға 5 жастан, ал боксқа 12 жастан бастап баруға болады. «Әрине, мұндағы басты мақсатымыз – балалардың денсаулығын қорғау», — деді ол.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр