jasqazaq.kz

Балалар қандай жағдайда мектепте оқи алатынын айтылды

13 қараша 2020, 13:55


Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов балалар қандай жағдайда мектепте оқи алатынын айтты.

Оның айтуынша, оқу орнына созылмалы аурулары жоқ балалар ғана жіберіледі. «Бүгінгі таңда 24 мектептің бесінші сынып оқушыларының ата-аналарынан кезекші сыныптарда оқу құқығына 578 өтініш келіп түсті.

Мектеп оқушыларын оқыту формасын ата-аналар немесе заңды өкілдер таңдауға құқылы.  Ата-аналар балалардың қоғамдық ортада болатынын түсінуі тиіс және олардың тарапынан инфекцияны жұқтыру қаупін болдырмау бойынша барлық шара қабылдануы керек. Ата-аналар баласын оқу күні басталғанда есіктен кіргізіп, оқу күні аяқталғаннан кейін есіктен күтіп, алып кетеді. Мектептер дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген», — деді Қайрат Жұманов.
Ол Алматыда бірінші тоқсанда 26 оқушы коронавирус жұқтырғанын, оның екеуі кезекші сыныптарда оқығанын атап өтті.

Қайрат Жұманов әкімдік желтоқсанағы мерекелерді атап өтуді қалай жоспарлағанын да айтты.

«Шынында, желтоқсан мемлекеттік мерекелерге толы — Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл. Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайға байланысты бас дәрігердің қаулысымен кез келген бұқаралық шараға тыйым салынаған. Сондықтан білім басқармасы ұйымдастырған іс-шаралар болмайды. Іс-шараларды өткізу үшін онлайн-формат пайдаланылады, кезекші сыныптарда оқитын балалар үшін сынып сағаттары өтеді, толығырақ ақпарат басқарма сайтында жарияланады. Қала әкімінің шыршасына келетін болсақ, бұл мәселе қаралып жатыр, әзірге нақты ақпарат жоқ», — деп түйіндеді ол.

Еске салайық, алматылық кейбір оқушыға екінші тоқсаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына көшуге рұқсат берді.

Екінші тоқсанда 300-ге жуық оқушысы бар мектептердің жұмысына рұқсат берілді. Бір сыныпта 15 адамнан аспауы тиіс. Мұндай жағдайда 1-11 сыныптар оқу орындарына орала алады. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында жазылған.

Tengrinews.kz 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия