jasqazaq.kz

Балалар дәлізде оқып жатыр

08 қараша 2019, 14:33

Алматы облысының оқушылары дәлізде білім алып жүр. Бұл туралы Дінмұхаммед Каликулов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол өзінің жазбасында Іле ауданындағы Еңбек ауылының балалары білім алатын мекемеде асхана, спорт және акт залдарының жоқ екенін атап өткен. «Балаларға кабинет жетіспегендіктен олар дәлізде оқиды. Бұл мектепте акт, спорт залдары, асхана жоқ. Бар болғаны төрт бөлме ғана бар. Жоғары сыныптың оқушылары көрші ауылға барып білім алады. Ал мына жерде кішкентай балалар оқиды. Олардың жалпы саны 72. Жиырма жылдан бері осындай жағдай. Ал жаңа мектепке жер бөлінген. Қашан салынатыны белгісіз»,-деп жазған автор. Ал Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі осы аталған проблемаға былай деп жауап берген. «Кеше бірқатар БАҚ-да Іле ауданы, Еңбек ауылына қарасты мектеп мәселесі қозғалды. Бұл мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан, яғни бастапқыда мектеп болмаған. Осы секілді, облыста 147 мектеп бейімделген ғимараттарда орналасқан. Облыс әкімдігі тарапынан бейімделген ғимараттардағы мектептердің проблемасын шешу үшін 73 мектеп салуға 2019-2023 жылдар аралығында 5 жылдық қадамдық жоспар жасалды. Жоспарға сәйкес, 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен 2 мектептің құрылысы басталды: Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында 80 орындық, Көксу ауданы Қызылтоған ауылында 120 орындық. Одан басқа 12 мектептің жоба-сметалық құжаттары дайындалуда»,- д елінген хабарламада. Сондай-ақ бұл жұмыс Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тікелей қадағалауында екендігі айтылған. «Нақты сюжетте көрсетілген мектепке келсек, мәселенің түйінін тарату күн жақын. Қазір 400 орындық мектептің жобасы дайындалуда, сонымен бірге жер телімі де анықталған«,- деп атап өткен баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда