jasqazaq.kz

Балалар арбасына дәрет сындырған тұрғын ұсталды

06 желтоқсан 2021, 10:25

Алматыдағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі балалар арбасына дәрет сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы полициясы мәліметінше, «Жас қанат» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде кіреберісте тұрған балалар арбасына дәрет сындырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған ер адамның жеке басы анықталды. Оның іс материалдары сотқа жолданған.

«Видео резонанс тудырды. Біз бейнебақылау камераларына түсіп қалған видеоны мұқият зерттедік. Айыпталушы ол ауданның тұрғыны емес екен. Оның жеке басы біраз уақыттан кейін анықталды. 44 жастағы ер адам «Саяхат» автовокзалы ауданында пәтер жалдап тұрады», — деді Түрксіб аудандық полиция бөлімінің бастығы Еркін Амантаев.

Ер адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Заңсыз әрекет жасаған кезінде ол мас күйінде болғанын айтқан.

Әкімшілік іс жүргізу материалдары “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілетін болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде