jasqazaq.kz

Балалар арбасын ұрлайтын күдікті ұсталды

17 наурыз 2019, 10:48

Күдікті үйлердің кіреберісінде қалдырған балалар арбаларын ұрлап, кейін оларды арзан бағамен басқаларға сатқан. Бұл туралы қалалық Полиция департаметі хабарлады. «Жедел- іздестіру шарасы барысында елордалық полицейлер балалар арбасын ұрлаған күдіктіні ұстады. 24 жасар бұрын сотты болған қала тұрғыны үйлердің подъездерінде қалдырып кеткен арбаларды ұрлап, кейін төмен бағамен басқа үйдің тұрғындарына сатып жіберген. Тағы бір айта кетерлігі, сатып алушылар қымбат бала арбасын тым төмен бағаға ұсынған жігіттен күдіктенбестен сатып алған», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы тексерілуде. Осыған орай, Астана қаласының Полиция департаменті аталған күдіктіден зардап шеккен елорда тұрғындарынан (Бейбітшілік,19) мекенжайына немесе 8 (7172) 71-60-24; 71-61-07 байланыс телефонына, иә болмаса «102» хабарласуын сұрайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде