jasqazaq.kz

Балалар арбасын өртейтіндер пайда болды (видео)

09 сәуiр 2021, 15:07

Алматы қаласы ТЖ департаменті балалар арбаларының жаппай жануының жиілеп кеткенін мәлімдеп, дабыл қақты.

Департаменттің мәліметінше, 2020 жылғы 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі арбалар, велосипедтерді өртеудің 35 жағдайы тіркелген.

Тек 2020 жылдың 6 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында мегаполисте түнгі уақытта 20 өрт тіркелді. Сонымен қатар бір күнде бірнеше өрт оқиғалары тіркелді. Олар: 2020 жылғы 7 қарашада таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі уақытта Бостандық ауданында № 2,14,28 «Қазақфильм» және №5, 33 «Алмагүл» шағын аудандарының көпқабатты үйлеріне өндірушілер бірден 5 шақыртуға жұмылдырылды. Сондай-ақ 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7-ден бастап, 10 ға дейінгі уақыт аралығында өрт сөндірушілер Бостандық ауданының «Көктем»шағын ауданында 3 мекенжай бойынша өртті сөндірді,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ қаланың төрт ауданында, атап айтқанда Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу ауданыдағы тұрғын үйлердің кіреберістерінде 15 бала арбасының жану дерегі тіркелген. Оған қоса басқа да тұрмыстық заттар өртенген.

Жүргізілген тексеру іс-шараларына сәйкес, барлық жағдайларда өрттің қасақана жасалғандығы анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы қаласының полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерініне сәйкес баспалдақ торларының астында, сондай ақ эвакуациялық жолдарға кедергі келтіретін үй тұрмыстық заттарды, яғни балалар арбалары, шаналар, велосипедтер мен жиһаз жинауға тыйым салынады, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты, тұрғындардың арасында жарақат алу, сондай-ақ өрт кезінде материалдық шығын келтіру жағдайларын болдырмау мақсатында ТЖД Алматы қаласының тұрғындарынан подъездерде балалар арбаларын, велосипедтерін қоймауға шақырады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

baq.kz

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты