jasqazaq.kz

Балаға ота жасаған дәрігердің салғырттығынан көз жұмған

14 маусым 2018, 12:24


Дәрігерлердің салғырттығы салдарынан баланың ішкі органдарына зақым келген.
Алматыда жекеменшік емханада жасалған отадан кейін қайтыс болған баланың өліміне қатысты комиссия сұмдық жайттың бетін ашты.

Сөйтсе, бала о баста айтылғандай, жүрегі кенеттен тоқтауынан емес, дәрігерлердің анестезиологиялық әдісті дұрыс қолданбағанынан көз жұмған.

Жекеменшік клиника мамандары бала жүректен кетті деп істі жылы жаба салмақ болған. Алайда олармен келіспеген бүлдіршіннің анасы жанжал шығарып, іске комиссия араласқан еді. Сөйтсе, анасы бекер күдіктенбеген екен. Мамандар анықтағандай, Миронның шапындағы жараны кесіп алу үшін анестезиологиялық препаратты мөлшерден тыс және бір-бірімен үйлеспейтін дәрілермен қоса беріліпті. Ол аздай, операциядан кейін де емдеу мекемесінде дұрыс күтім жасалмаған. Салдарынан баланың ішкі органдарына зақым келген. Оқиға «Достар Мед» деген Алматыдағы жекеменшік клиникада болған.

Комиссия істі дереу полицияға тапсырды. Десе де, клиниканың жұмысы тоқтаған жоқ. Тек хирург, анестезиолог пен бөлім меңгерушісі жұмысынан уақытша шеттетілген

caravan.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді