jasqazaq.kz

Балаға дөрекілік көрсеткен тәрбиешіні жұмыстан шығарды

12 қараша 2019, 12:24


Нұр-Сұлтан қаласында балаға дөрекілік танытқан балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды.

«Басқармада жүргізілген қызметтік тексеру жұмыстарының нәтижесінде тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ал балабақша басшылығына қатаң сөгіс жарияланды», — деді қалалық Білім басқармасы Стратегия, талдау және цифрлық технология бөлімінің басшысы Жазира Асанова. Оның айтуынша, бүгінгі күні білім басқармасы қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарымен бірнеше кездесу жоспарлануда. «Кездесуде ұйымдардың бірінші басшыларына қызметтік жауапкершілік бойынша түсіндіру жұмыстарымен қоса, оқу-тәрбиелік процеске қатысты әдістемелік ұсыныстар беріледі», — дейді ол. Еске сала кетсек, 8 қараша күні елорда балабақшаларының бірінде тәрбиешінің балаға көрсетіп жатқан дөрекі әрекетінің видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Өз кезегінде аталған оқиға бойынша қалалық білім басқармасы тәрбиешінің уақытша жұмыстан босатылғанын және арнайы қызметтік тексеруден соң тиісті шара қабылданатынын хабарлаған болатын.

ҚазАқпарат 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда