jasqazaq.kz

Балабақшасындағы бала өлімі: Сәби денесінен жарақат анықталды

12 тамыз 2022, 17:21

Елорда балабақшасындағы сәбидің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Қайғылы оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Бүлдіршін үйдегі жеке бақшада болған. Толығырақ ақпаратты Полиция департаменті жарияламай отыр. Бұл туралы   ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бүлдіршін қыздың суға түсу кезінде батып кеткені, денесінен көптеген жарақат табылғаны хабарланған болатын. Полиция да бұл фактілерді растап отыр.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың сәуірінде «102» арнасына Таха Хусейн көшесіндегі пәтерден дене жарақаттары көрінетін 2020 жылы туған жас қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Аталған факті Байқоңыр аудандық полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы 2-тармағымен тіркелген.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және бірқатар сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері прокурордың рұқсатынсыз жария етілуге жатпайды», — деді полицейлер ҚазАқпарат тілшісінің сауалына берген жауабында.

Екі жасар сәбидің өліміне балабақша күтушісі күдікті деп танылған. Полиция бұл жайтқа қатысты да егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық