jasqazaq.kz

Балабақшаның төбесінен су сорғалап тұр (Видео)

16 қараша 2022, 10:18

Алматыда ата-аналар мемлекеттік балабақшаның төбесінен су ағатынын айтып шағымданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әңгіме Жетісу ауданындағы №163 балабақша-бөбекжай туралы болып отыр. Балалардың ата-анасының айтуынша, шатыр үш жылдан бері жөнделмей келеді. 18 қазанда жаңбыр кезінде шатырдың төбесінен су аққан.

«Сонымен қатар, осы көктемде балабақшаның жанында бүкіл көше қазылды. Онда құбырлар төселді. Олар 20 қыркүйекке дейін жолды қалпына келтіруге уәде берді, содан кейін 20 қазанға ауыстырылды, енді 22 қарашаға созылды. Жетісу әкімдігі тек уәде беріп келеді, бірақ мәні жоқ», — деді ата-аналардың бірі.

Білім басқармасының мәліметінше, биыл тамызда балабақша ғимаратының шатырын жөндеуге және ішкі жұмыстарға 32 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қыркүйекте балабақша әкімшілігі құрылыс компаниясымен келісімшартқа отырған. Қазір ғимараттың төбесін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«18 қазанда жауын-шашын салдарынан екі топтың – «Богатырь» және «Күншуақ» төбесінен жөндеу жұмыстары аяқталмағандықтан су аққан. Балалар басқа топтарға бөлінді.

Төбе құрғаған кезде, техникалық ерекшеліктерге сәйкес шатыр бірнеше кезеңде жабылады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балабақша әкімшілігі бақылауға алды», — деді ведомстводағылар.

Келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 30 қарашаға белгіленгені атап өтілді.

«Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне сәйкестігіне тексеру жүргізіледі», — деп толықтырды басқарма өкілдері.

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта