jasqazaq.kz

Балабақшаның 54 миллионын ұрлаған есепші сотталды

27 желтоқсан 2021, 21:01

 Жамбыл облысында балабақша қаражатын жымқырған қызметкерге қатысты сот үкімі шықты. Мектепке дейінгі мекеменің 54 миллион теңгесін үптеген маман 6 жылға түрмеге жабылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Сарысу ауданындағы «Ақбота» бөбекжайының бюджетіне тікелей жауапты қызметкері төрт жыл бойы ақша ұрлап келген. Яғни ол мектепке дейінгі мекеменің қаржысын өзінің банк картасына тұрақты аударып отырған. Сөйтіп жалпы сомасы 54 миллион теңгені қалтаға басып шалқып өмір сүрсе керек. Қылмыскердің қитұрқы әрекеті мекеменің қаржы операцияларын тексергенде барып әшкере болған. Ол енді істеген ісі үшін алты жылға түрмеге қамалды. Сотталушы мемлекетке келтірген шығынның бір бөлігін, яғни 18 миллион теңгесін қайтарып берген.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр