jasqazaq.kz

Балабақшалардың бағдарламалары жаңартылып жатыр

09 тамыз 2022, 12:19

Балабақшалардың бағдарламалары жаңартылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Біз қамтумен қатар балабақшалардың бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыс жүргізудеміз. Бұл — ерекше маңызды бағыт. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделін және жаңа мемлекеттік стандартты бекіттік», — деді министр.

Оның атап өтуінше, балабақшада өзіне сенімді, қиындықтарға төзімді, дендері сау, ашық және креативті ойлайтын балаларды тәрбиелеу және отансүйгіштік, еңбекқорлық, білімге құштарлық сияқты құндылықтарды шығармашылық пен қозғалыс белсенділігі және ойын арқылы дамытылады.

«Балабақшалардың тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру, балабақшаларға деген талаптарды күшейту бойынша да жұмыс ұйымдастырылуда», — деді Асхат Аймағамбетов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде