jasqazaq.kz

Балабақшалар қандай тәртіппен жұмыс істейді?

11 мамыр 2020, 17:01

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режиміндегі балабақшалардың жұмыс тәртібін түсіндірді.

«Балабақшаларға тыйым болғанымен, бүгін біраз азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік бердік. Бүгін қаншама өндіріс орындарында, қызмет көрсету саласыныда жұмысқа шығуға рұқсат берілді. Бірақ, жұмыс істеуге мүмкіндік берілгенімен, көптеген азаматтардың сәбиі бар. Онда да қарастырып отырмыз», — деді Е. Тоғжанов Үкіметте өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жұмысқа шығатын ата-аналар баласын балалабақшаға апара алады. Бірақ, бала санына арнайы шектеулер қойылады.

«Орта есеппен бір балабақшада 25-30 бала болса, қазіргі шектеулерді ескере отырып, әр балабақшада 15 баладан аспайтындай деңгейге жеткізуіміз керек. Сондықтан, әрбір жұмыс істейтін ата-ана балаларын балабақшаға бере алады. Әрі қарай да бұл бағытта жағдай жасауға тырысамыз», — деді Ералы Тоғжанов.

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова