jasqazaq.kz

Балабақшадан 4 жасар қыз бала қашып кеткен

08 қараша 2018, 13:24

Екібастұз қаласының №22 балабақшасынан күндізгі сағат 12-де серуендеу кезінде төрт жасар қыз бала кетіп қалған.
Sn.kz жазғандай, қалалық білім бөлімінің басшысы Жазира Хамзабаеваның айтуынша, сағат 11:45-те орта топтың балалары серуеннен оралып, түскі ас ішу уақыты басталған. Ал тәрбиешілер үшін ауысымдағы қызметкерлердің алмасу уақыты болған.
– Бірінші ауысымда жұмыс істеген Айтжан Шаймерденова әріптесіне жоғалып кеткен бала туралы хабарламай үйіне кетіп қалған, – деді бөлім басшысы.
Күндізгі сағат 12:00 шамасында «Уақ» дүкенінің жанында жалғыз өзі жүрген кішкентай қыз полицейлер назарына түсіп, тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне әкелген. Баланы тауып алғандары жөнінде полицейлер білім бөліміне хабарлаған.
– Біз баланы қаладағы балабақшалар тізімінен іздестірдік, – деді Жазира Хамзабаева.
Соңында «Балбөбек» балабақшасының жеткшісі мен әжесі келіп қыз баланы алып кеткен. Бүгін балабақшаның жетекшісі Лейла Оразбаева мен тәрбиеші Айтжан Шаймерденова жұмыстарынан босатылып, мекеме білім бөлімінің қатаң бақылауына алынды.
Еске салайық, бір ай бұрын алты жасар қыз балалар павлодарлық №27 балабақшадан пәтерлеріндегі үй жануарларын көру үшін қашып кеткен болатын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді