jasqazaq.kz

Балабақшадағы шу: «Ақшамды қайтаруын талап етемін»

18 ақпан 2019, 16:17

Ақтауда директоры мен тәрбиешісі «төбелескен» балабақшаға балаларын берген ата-аналар төлеп келген ақшаларын қайтаруды талап етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір топ ата-ана «Айналайын» балабақшасының алдына жиналды. Олар мекемеде болған жағдай салдарынан балаларға моральдық нұқсан келді деп санайды. Айтуларынша, төбелестің куәгері болған балалар бірнеше күннен бері мазасыз, ұйқылары тынышсыз. Сөздеріне сенсек, балдырғандар балабақшада 10 күн бойы дұрыс тамақтанбаған. «Балаларым балабақшадан соң үйге келгенде асқа жүгіреді. Бұл қалай? Олар кішкентай порция жеген. Неге қарамайды? Балабақшаға бейнебақылау қойылып, тыңдалатын құрылғылар орнатылсын. Ең болмаса, кешірім де сұраған жоқ», — дейді сәбилердің бірінің анасы Мадина Бесембаева. Тәрбиешінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына сеніп отырған және керісінше, директорды қолдап, оларды теріске шығарып отырған ата-аналар да бар. «Балаларымыз бәрін көрді. Мен 8 ай бойына төлеген ақшамды қайтаруын талап етемін», — дейді тағы бір ана Әлия Жаналиева.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық