jasqazaq.kz

Балабақшадағы балаларға сиыр етінің орнына есек еті берілген

04 наурыз 2019, 11:39

 Грузияның балабақшаларында қауіпті түскі асқа байланысты дау шықты.  Грузияның кейбір мектептері мен балабақшаларында сиыр етінің орнына жылқы және есек еті берілген.

Аджария, Имеретия және Гурия өңірлерінің балабақшалары мен мектептерінде балаларды жылқы және есек етімен тамақтандырған. Мұны сараптама нәтижесі растады, деп хабарлады «МИР 24» телеарнасы. «Сынамалардан жылқы және есектің ДНҚ-сы табылды. Ал азық-түлікті тапсыру-қабылдау құжаттамасында сиыр еті деп көрсетілген. Бұл қылмыс. Жабдықтаушы компанияларға қатысты қылмыстық іс қозғауды талап ету керек», – деп мәлімдеді тәуелсіз сарапшы Теона Чхаидзе. Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары да жеткізілетін еттің сапасына күмәнданғанын жасырмады. Жабдықтаушылар зертхана сарапшылары беретін анықтамаларды тастамай кетуді жиілеткен көрінеді. Грузияда есек және жылқы еті жарамды азық-түліктердің тізіміне кірмейді. «Көптеген елде жылқы етін жейтініне қарамастан, Грузияда оны тұтыну мәдениеті қалыптаспаған. Ал есек етіне қатысты айтатын болсақ, тіпті ол жайында әңгіме де болмауы тиіс. Заңды бұзғандарға қомақты айыппұл салынады, тіпті ферманы жауып тастауы да мүмкін. Есек сүтінің емдік қасиеті бар, біз оны сатамыз, Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берген», – деп атап өтті фермер Георгий Ломидзе. Мектептер мен балабақшаларға жалған сиыр етін жеткізген компаниялар сертификатынан айырылып, қызметін тоқтатты. Құқық қорғау органдары зертханадан барлық материал алынғаннан кейін қылмыстық іс қозғалатынын мәлімдеді.

КТК

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда