jasqazaq.kz

Балабақшада қырғын болды

12 желтоқсан 2019, 15:41

Қылмыскер жылқышы болғандықтан пышақты әрдайым өзімен бірге алып жүрген.

Қостанайда балабақшада мас адам әйелін пышақтап тастады. Қызғаныштан көзі тұнған ол сүйіктісіне пышақты 22 рет сілтеген. 17 қыркүйек күні Қостанай қаласы маңында тұратын ер адам өзімен бірге тұрып жатқан әйелін қызғанып, оны сұрақ-жауапқа алу үшін жергілікті балабақшаға тартады. «Отбасылық өзара жанжал кезінде қызғаныштан көзі тұнған ер адам әйелдің бетінен жұдырығымен бір қойып, артынан пышақ сілтеген. Пышақ басына, кеудесіне, қарнына, мойнына, иығына кем дегенде 22 рет сілтелген, кеудесінен де ауыр соққы алған», — деді прокурор Амангелді Рахметжанов. Белгілі болғандай, қылмыскер-жылқышы пышақты әрдайым өзімен бірге алып жүреді, өйткені ол мал союға арналған жұмыс құралы болған. 32 жастағы әйел көптеген жарақат пен қабырғаларының сынғанына қарамастан аман қалды. Куәгерлер адуынды ер адамға тосқауыл бола алған. Қазір ер адамға «кісі өлтіруге оқталу» деген айып тағылды. Әйел сотталушымен 11 жыл бірге өмір сүрген, ортақ бір баласы бар. Қылмыс балалар ойын бөлмесінің аумағында болған, ол уақытта бүлдіршідер басқа қабатта ұйықтап жатқан. Ол сүйікті әйелінің сөйлесуге шығуын өтінгенде шықпай қойғаны үшін қатты ренжіген, бірақ ол оны қатты ұрмадым дейді.

ktk.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда