jasqazaq.kz

Балабақшада екі жасар бала бір жасар қыздың 15 жерінен тістеп алған

08 тамыз 2018, 12:06

Бішкек қаласындағы балабақшалардың бірінде екі жасар бала бір жасар қызды 15 жерінен тістеп алған. Тәрбиешілер өз кінәларын мойындамаса да, балақайдың емі үшін 200 сом берген екен.

  жазғандай, бүлдіршіннің ата-анасы балабақшаға айына 6000 сом төлейді. Бір жасар қыздың онда барып жүргеніне бір айдай уақыт болыпты.   Балақайдың әкесі Айтбек Орозобекұлының айтуынша, 1 тамыз күні олар әдеттегідей қыздарын балабақшаға тастап кеткен. Түске қарай балабақшадағы тәрбиеші Айтбекке хабарласып, кішкентай баланың қызын тістеп алғанын, қазір барлығы жақсы екенін айтқан.
Айтбек жағдайды білу үшін әйелін балабақшаға жіберіпті. Ол бірер сағаттан соң күйеуіне қызын 15 жерден тістегенін айтып, жылап хабарласқан көрінеді.
«Қызымды тістеп алған баланың анасы да келді. Тәрбиешілер менің қызымды ауруханаға жіберіпті. Менің жұбайым мен анам да сонда барды. Алғашында балабақшадағылар өз кінәларын мойындаған еді. Кейін директор келіп, 200 сом тастап кетіпті. Бірақ, ол енді бізді көргісі келмейтінін айтыпты. Күйеуі құқық қорғау органдарында жұмыс ісейтінін де ескертіп кетіпті», — дейді Орозобекұлы.
Балабақша директоры тергеушіге еңбек демалысында жүргенін, болған жағдайдың оған еш қатысы жоқ екенін айтыпты. Ал кішкентай қызды тістеген бүлдіршін бұрын басқа балаларға да сондай әрекет жасаған көрінеді. Айтбек балабақша әкімшілігі жауапқа тартылғанын қалайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде