jasqazaq.kz

Балабақшада баланы ұрған тәрбиешіге үкім шықты

07 мамыр 2019, 13:13

Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісіне үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі Гүлжан Әкімбаеваға қатысты үкім шығарылды. Соттың үкімімен әйел ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау» бойынша кінәлі деп танылып, 60АЕК көлемінде айыппұл салынды және үш жылға дейін кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды. Сондай-ақ, сот айыпталушыны Зардап шегушілердің өтемақы қорына 5 АЕК төлеуге және 100 000 теңге көлемінде моральдық залал өтеуге міндеттеді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, Гүлжан Әкімбаева балалардың денесін жеңіл жарақаттаған. Әйел өзінің кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Сот үкімді шығарарда оның кінәсінің мойындауы мен өкінуін, сотталушының кәмелетке толмаған екі баласының барын есепке алды. Оқиға 2 мамырда Алматы қаласындағы «№37 балалар бақшасында» болған. Видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған. Кадрда әйелдің кереуетте жатқан балаға барып, оны төсектен жұлқып тұрғызып, басқа бөлмеге алып кеткені анық көрінген. Кейін ол бұл әрекетін басқа балаға да жасайды. Ол ойнайтын бөлмеде балаларды бірнеше рет ұрып-соғады. Кейінірек полицияда тәрбиешінің қылмыстық жауапқа тартылғаны хабарланды. Балабақшаның меңгерушісі қызметінен кетті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде