jasqazaq.kz

Балабақша тәрбиешісі әріптесінің атына 4 рет несие рәсімдеген

05 сәуiр 2021, 15:00

Елордадағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші болып жұмыс істейтін 26 жастағы қыз әріптесін алдау арқылы атына 4 рет несие ресімдеген.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Тергеу барысында 26 жастағы қыз өз әріптесінің атына микрокредиттік ұйымдардан 4 рет қарыз ресімдеп, оның банк картасының нөмірін көрсеткені белгілі болды. Ол өз картасы бұғатталғандықтан, ақшасын ала алмай жүргенін айтып, әріптесіне банк картасындағы деректерді айтуға көндіреді. Карта иесі шотқа келіп түскен несиені жай ғана аударым екен деген оймен қызға шешіп беріп отырған.

«Тергеу барысында күдіктінің қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды. Әріптесінің жеке бас деректерін сөмкесіндегі құжаттарды суретке түсіру арқылы алып отырған. Қазір күдіктінің үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, қыз бұрын осындай қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған», — делінген департаменттің мәліметінде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия