jasqazaq.kz

Бала зорлаған 16 жастағы жасөспірімді екінші рет ақтап шықты

26 сәуiр 2018, 15:03

2017 жылы ОҚО ауылдарының бірінде тұратын әйел көрші үйде тұратын жасөспірім баланың үстінен шағым түсірді. Айтуынша, 16 жастағы жасөспірім екі жыл бойы оның ұлын зорлап келген. Зорлыққа ұшыраған сәтте баланың жасы 10-ға да толмаған.

Бұл туралы “Отырар” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тергеу ісі аяқталған соң, іс сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында алқабилер жасөспірімді толықтай ақтап шықты. Зардап шеккен тарап аппеляцияға беріп, қайта тексеріс жүргізуді талап етті.

Облыстық коллегия шағымды қабылдап, істі қайта сотқа жіберген. Алайда сот екінші рет жасөспірімді жазықсыз деп таныды.

«Тергеу барысында жасөспірімнің кінәсі дәлелденген жоқ, зардап шегуші тарап қайта шағымдана алады», – деп түсіндірді судья-координатор Әбинұр Қарабаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде