jasqazaq.kz

Бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастады

25 қантар 2019, 17:34

Түркістан облысы табиғи өсім бойынша елімізде көш бастап тұр. Өткен жылы өңірдегі халық саны 3,5 мыңға артқан.

Облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабековтың айтуынша, 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Түркістан облысы халқының саны 1 977 768 адамды құрап отыр. Яғни, 2017 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 3 354 адамға немесе 0,2% өскен. «Облыста 2018 жылғы қаңтар-қарашада халықтың табиғи өсімі 40 815 адамды құрады және 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3%-ға (1 188 адамға) артты. Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша алғашқы орында. Облыс туу бойынша республика деңгейінде алдыңғы қатарда көрінді, оның үлесі 13,6%-ды немесе 49 978 туылғандарды құрады. ҚазАқпарат хабарлағандай, аймақта 1000 қыз балаға 1062 ұл бала туылды, бұл жерде ұл балдардың көп туылу тенденциясы әлі де сақталуда», — деді Айдар Ахметбекұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Департамент басшысының айтуынша, өткен жылы көші-қонмен тіркелген облысқа келген халықтың саны 92 678 адамды құраса, оның 40 189-ы Қазақстанның басқа облыстарынан келгендер.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық