jasqazaq.kz

«Бала-шағаңмен өртеп кетемін»: Желіде тағы бір мектеп «завучының» видеосы тарады

06 қазан 2021, 12:05

Желіде әлдебір оқу ордасында екі әйелдің дауласып жатқан видеосы тарады. Олардың бірі тіпті бала-шағаңмен бірге өртеп кетемін дегенді айтады.

Ал видеоға түсіріп тұрған адам «оқу ісімеңгерушісінің ісі» осындай деп сөмке лақтырған әйелге баға береді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оқиғаның еліміздің қай өңірінде және қашан болғаны белгісіз.

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек аталған видео туралы былай деп жазды:

«Тағы бір зауыш өз өнерін көрсетуде!

Askhat Aimagambetov мырза!

Түркістан облысы білім саласын қашан өз назарыңызға аласыз?

Адам өлгенде ғана көңіл аударасыз ба?»,- деп жазды ол. Видео интернеттен алынған екен.

Оқиғадағы жұлысқан әйелдердің видеосын көрген көпшілік «мұндай ұстаздарға баламызды қалай оқытамыз», «Егер мұғалім өртеймін деп тұрса басқалардан не күтеміз, «жағдайдың қалай болғанын білмейміз ғой, анық қанығы белгілі болмай артық сөйлемейік», деген сияқты пікірлер қалдырған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия