jasqazaq.kz

Бала сатамын деп хабарлама берген адамға іздеу жарияланды

20 қазан 2018, 15:55

Шымкентте «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде балалар саудасы туралы хабарландыру жариялаған тұрғын іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар саудасы туралы хабарландыруды жергілікті тұрғындар байқап қалған. Артынша олар полицияға хабарласып, мән-жайды анықтауды сұрапты.

«13 қазанда полицияға қала тұрғындары шағымданып, ғаламтордан көргендерін айтты. Шұғыл шаралар жүргізілді. Аталған хабарландыруды жариялаған тұлға іздестіріліп жатыр. Алайда ол адам бірден желідегі парақшасын өшіріп тастаған. Сондықтан әзірге оның тұлғасын анықтау мүмкін емес», – дейді департаменттің баспасөз қызметінің басқарушысы Әсел Сәденова.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 12-бабы 1-тармағына (Адам саудасы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің құпиялылығына байланысты, басқа мәлімет берілмеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде