jasqazaq.kz

Бала психикасына зиянды ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

15 қараша 2018, 15:34

Келесі жылдың 10 қаңтарынан бастап, елімізде барлық ойын-сауық және Ток шоу бағдарламалар жас шектеуі қойылған белгімен көрсетіледі. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Ал тікелей эфирге шығатын жаңалықтар мен сараптамалық хабарлар жас ерекшелігімен таңбаланбайды. Осыған дейін бұл талап тек фильмдерге қолданылып келген еді. Жаңа заң балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты іріктеуге мүмкіндік бермек. Арнайы жиынға отандық және шетелдік телеарналардың өкілдері қатысып, осы мәселелерді пысықтады. Еске салсақ, заң жобасы биыл шілде айында қабылданған болатын. Қазір заңнамалық актілерді талқылау ісі жүріп жатыр. Оны бұзғандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрсетілген жаңа бапқа сәйкес жауапқа тартылатын болады.

Әлия Сейітова, заңгер:

— Бұл бап 2019 жылдан бастап қолданылады. Бірінші жауапты тұлғаға ескерту салынатын болады. Ал телерадиохабарлар таратушы немесе желі операторлары бұл заңды бұзатын болса, ол әкімшілік құқық бұзушылық ретінде тіркеледі. Ондай жағдайда 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Дмитрий Братусь, заңгер:

— Бұл жаңашылдық енді дамып келе жатқан балалардың психикасын қорғауға арналған. Яғни жағымсыз, зиянды ақпараттардың алдын алады деген сенім бар. Ақпарат алу жас деңгейімен белгіленеді. 6 жасар бала мен 12 жастағы жасөспірімнің мәліметті қабылдау көрсеткіші екі бөлек. Сондықтан таңбалау да әр түрлі болады.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді