jasqazaq.kz

Бала күтуші ұрлаған ақшаны несиесін жабу үшін алған

28 қазан 2019, 14:05


Павлодар облысында 33 жастағы бала күтуші бір айдан астам уақыт жұмыс істеген отбасының үйінен 1000 доллар мен 500 еуро ұрлап кетті.

«Павлодар қаласының тұрғыны сәбиінің қауіпсіздігі үшін бала күтушіні жеке хабарландырулардан жалдамай, агенттіктердің бірінің қызметіне жүгінген. Онда облыс орталығының 33 жастағы тұрғынын жалдауға кеңес берілген. Бала бағушы бұл отбасында бір айдан астам уақыт жұмыс істеген. Ата-ананың күтушінің жұмысына көңілі толған. Алайда, күндердің бір күні әйел үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, 1000 АҚШ доллар және 500 еуро көлемінде ақшаны ұрлап кеткен», — деп мәлім етті Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Департаменттен хабарлағандай, полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен бала күтушіні қолға түсірді. «Әйелдің айтуынша, ол ақшаны өз қажеттіліктеріне – несиесін жабу үшін жұмсаған. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деді полициядан.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда