jasqazaq.kz

Бактериологиялық бөлім ашылды

01 сәуiр 2019, 11:29

 Қабыну және іріңді-септикалық аурулардың  профилактикасы және емдеу мәселесі практикалық денсаулық сақтауда  көп бейінді  клиникалардың басымдық беретін бағыттарының бірі болып табылады.

Микроағзалармен бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінен туындаған, инфекциялар санының өсуі, операциядан кейінгі асқынулар және басқа да іріңді-қабыну аурулар амбулаториялық-емханалық қызметтердің және микробиологиялық зерттеулер жүргізетін стационарлық мекемелердің жұмысының маңыздылығын арттырды.
Әлемде жыл сайын антибиотикке төзімдімикроағзалардың антибиотиктергетөзімділігі күшейіп келеді.Микробқа қарсы препараттардың тиімділігітөмендеу деңгейі едәуір байқалады. Бұл неге байланысты? Бірінші кезекте, антибиотиктерді өз бетінше қабылдаудан туындаған жағдай. Дәрілік заттарды бақылаусыз қабылдау бактерияны мутацияға әкеледі.Кесіп айтқанда,бұл дәрінің микроағзаларғаәсер ету белсенділігін әлсіретеді. Өз бетінше антибиотик қабылдаған адамның инфекциялары, созылмалы инфекциялар түрлеріне айналады. Сондай-ақ микробқа қарсы препараттарды дұрыс таңдамау немесе пациенттің емдеу курсын толық аяқтамау салдары-бұл тек ауруды қоздырады.Қолдану ауқымы кең антибиотиктер бірқатар инфекцияларға қарсы тиімді, бірақ олар сонымен қатар, ішектің пайдалы микрофлораларын жояды, оған асқазан-ішек жолдарының жұмысы, имунитет және жалпы адам ағзасының барлық алмасу процестері өзара байланысты. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы бактериялардан туындаған қолданыстағы антибиотиктерге әсер етпейтін, инфекциялық аурулардың өршуіне байланысты антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау себептерінің көбеюіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Кейбір деректер бойынша, әлем бойынша 25 мыңнан астам пациент антибиотикке төзімділіктен өлуі мүмкін. Көптеген инфекциялық сипаттағы ауруларды емдеу қиындады, оған себеп қауіпті бактериялардың антибиотиктерге және басқа баламалы антибиотиктерге төзімділігінің артуы, оның салдары қарқынды препараттарды қолдану қажеттілгі туындайды.Бұл өз кезегінде микробтардың антибиотикке қарсы тұра алуының үдемелі дамуына әкеледі.Ал, 20 жыл өткен соң, адамзаттың бактерияға қарсы тиімді дәрілік препараты болмауы мүмкін. Жай тұмаудың өзі немесе хирургиялық араласу өкінішті жағдайға әкелуі мүмкін.

№7Қалалық клиникалық аурухананың клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі Валентина Николаевна Сонның пайымдауы бойынша, қандайда бір антибиотикті тағайындау алдында, пациенттің антиботикке сезімталдығын анықтау қажет. «Бактерияға қарсы препараттарды тиімсіз пайдалану немесе керсінше қажет емес жағдайда тағайындалуы, сондай-ақ бактерияға қарсы терапия курсының себепсіз тоқтатылуы антибиотиктің штамға тұрақты әсерінің дамуына әкелуі мүмкін» -деп түсіндірді маман. Аталған клиниканың клиникалық-диагностикалық зертханасында емдеуге қажетті антибиотик тобын және инфекция қоздырушы түрлерін анықтау мақсатында бактериологиялық анализаторлар қолдана бастады.

Қан культураларына арналған анализатор бактериялар немесе гематогенді саңырауқұлақ инфекцияларын анықтау үшін жылсайын 3600 қан үлгілеріне талдау жасауға мүмкіндік береді.

Біріктірілген автоматтандырылған жүйе стандартталған биохимиялық тест бойынша микроағзаларды сәйкестендіруге және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға барынша мүмкіндік береді.Автоматтандырылған жүйені пайдалану процестің жоғары стандартқа сәйкестігіталдау нәтижесінің барынша дәлдігін арттыруға мол мүмкіндік берді.

Бұл зерттеулердің артықшылығы антибиотик терапиясы аясында гемокультура қоздырғыштарын ажырату мүмкіндігі болып табылады.

Заманауи технологияларды енгізу ауру қоздырғышын дәл анықтауға және емдеупроцесінтиімді бақылауға,сондай-ақ диагностикалық зерттеулердің жеткілікті деңгейіне қол жеткізуге бағытталған. Бұл жерде мамандардың біліктілігі мен білімділігі аса маңызды роль атқарады.
«Зерттеу номенкулатурасына сәйкес зертхана халықаралық стандарттарға сәйкес қажетті қондырғылармен жабдықталған.Бұл жоғары сапалы зерттеу жүргізу мүмкіндігін береді. Күніне 8000 астам зерттеулер жүргіземіз» -деп хабарлады зертхана жетекшісі.

Стационарда эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүзеге асыру,стационарлық инфекциялардың таралуының алдын алу және этиологиялық құрылымға жан-жақты микробиологиялық мониторингке негізделген инфекциялық-эпидемиологиялық қадағалауды оңтайландыру жәнесепсистің микробиологиялық диагностикасын жақсарту мақсатында №7 Қалалық клиникалық аурухананың базасында бактериологиялық бөлім ашылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда