jasqazaq.kz

Бақытжан Сағынтаев: Қазақ тілін ақысыз, тегін үйрететін курстарын жандандыру керек

27 наурыз 2018, 15:56


Қазақ тілін ақысыз, тегін үйрететін курстардың жұмысын белсенді жандандыру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасының өткен жылғы нәтижесі жаман емес. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың есептік кезеңдегі мониторингі оң үрдістің бар екенін көрсетіп отыр. Белгілі нәтижелерге қарамастан назар аударатын кейбір мәселелер бар. Біріншіден, халыққа қазақ тілін ақысыз, тегін үйрететін курстардың жұмысын белсенді жандандыру қажет. Сонымен қатар өзге тілдерді оқытып, үйрететін курстардың қолжетімділігін арттыру, оның ішінде интернет, ақпараттық ресурстар арқылы үйретуге айрықша көңіл бөлінуі тиіс. Бұл Мәдениет және спорт министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы», — деді Үкімет басшысы. Премьер-Министрдің айтуынша, тілдерді үйрену мен қолдануға және арнайы әдебиеттерді жарыққа шығаруға мемлекеттік бюджеттен қомақты қаражат бөлініп отыр. Осыған байланысты халықтың арасында кеңінен сұранысқа ие заманауи оқу әдістемелік құралдарды, балалар кітаптарын басып шығару керек. «Екіншіден, қазақ тілінің латын графикасына көшуін іске асыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажет. Әліпбидің кезең-кезеңімен көшуі бойынша тиісті іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іс-шаралар жоспарының дер кезінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Ерболат Асқарбекұлы (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Досаев) комиссия төрағасының орынбасары ретінде Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірлесе отырып, осы жұмыстарды бақылауға алуды тапсырамын», — деді Бақытжан Сағынтаев. Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» өткен жылғы қорытындысын шығарған болатын.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық