jasqazaq.kz

Бақытжан Сағынтаев: Бұл — баршамыздың ортақ ісіміз

17 сәуiр 2018, 15:26


Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне баға берді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Деректерден көріп отырғандарыңыздай, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өсім 4,1 пайызды құрап отыр. Елбасы Үкіметке экономика өсімін қамтамасыз ету бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу міндеттерін қойып отыр. Сол себепті бұл тапсырмаларды орындауда жүйелі шараларды қабылдауымызды қажет етеді. Бұл күрделі міндет. Дегенмен, біз ай сайын барлық өңірлер бойынша экономиканың әр саласы бойынша тиісті өнімнің өсуін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл — баршамыздың ортақ ісіміз», — деді Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысында. Айта кетсек, Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың І тоқсаны бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы баяндама жасаған болатын. Министр биылғы жылдың І тоқсанында ел экономикасында жағымды үрдістер сақталғанын атап өтті. «Есептік кезеңде ЖІӨ өсуі 4,1 пайызды құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңінде ЖІӨ 3,6 пайыз болған еді. Мұндай серпін өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көрсетілетін қызметтер саласының өсуімен байланысты. Сондай-ақ, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюына инвестициялардың жоғарғы өсімі мен төмен инфляциялық процестер септігін тигізуде. Инфляция жыл басынан бері 1,8 пайызды құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңі бойынша 0,5 пайызға төмен. Жылдық мәндегі инфляция 6,6 пайызды құрады», — деді ол.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді