jasqazaq.kz

Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15 ақпан 2019, 17:34

Бүгін «Астана» концерт залында қала әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналарды өзі қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Әкім Бақыт Сұлтановтың көпбалалы аналармен кездесуі «Ашық есік күні» аясында өтті.

Қала тұрғындары «Астана» концерт залына келіп, өздерін алаңдатқан сұрақтарды қоя алды. Бақыт Сұлтанов жиналғандар алдында сөз сөйлеп, көпбалалы аналардың бірде-бір өтініші жергілікті атқарушы органдардың назарынан тыс қалмайтынын айтты. «Ай басталғалы бері аудан әкімдіктері мен бейінді басқармалар азаматтарды қабылдауды жүргізіп жатыр. Нәтижесінде аса мұқтаж отбасылардың деректер базасы құрылды, нақты қажеттіліктері мен проблемалары анықталды. Бірінші кезеңде азық-түлік, көмір, мектеп құралдарымен көмек көрсетілді. Біздің тарапымыздан әр отбасын қолдау жөнінде жоспарлы шаралар әзірленді», — деді Бақыт Сұлтанов. Оның айтуынша, қаланың шеткі алаптарын ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді сүру бағдарламасына қосу мәселесі жақын арады шешімін табатын болады. «Біз аз қамтылған және көмекке аса мұқтаж отбасыларды, оның ішінде көпбалалы отбасылардф муниципалдық тұрғын үймен қамтамасыз етуге тиіспіз», — деді әкім. Бақыт Сұлтанов атап өткендей, қиындық көріп отырған әрбір отбасы үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мүмкіндіктері, әлеуметтік қолдау және атаулы әлеуметтік көмек тетіктері пайдаланыла отырып, қолдау құралдары анықталатын болады. Сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі де шешілмек. «Біз азаматтардың қала үшін басым бағыттар бойынша біліктілігін арттырып кейіннен жұмысқа орналасуға көмектесеміз. Сондай-ақ, қолда бар ақпараттың негізінде көмек көрсету, соның ішінде тұрғын үй сертификаттарын тапсыру мүмкіндігін ұсыну үшін ресурстарды жұмылдыру алгоритмін әзірленеді», деді Б. Сұлтанов. Сұрақ қойғысы келетіндердің қарасы қалың екендігін ескеріп, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов аудан әкімдерімен және барлық басқармалардың басшыларымен бірге азаматтарды жеке қабылдауды жалғастырды. «Қала тұрғындарының барлық арыздары мен өтініштері жедел түрде жүйелендіріліп, талданып, көпбалалы отбасыларды қолдауды күшейту жөніндегі ҚР Үкіметі жанынан құрылған жұмыс тобының қарауына жолданды», — деді әкім.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда