jasqazaq.kz

Бақылау бекеттерінде таксистердің бәрін тексеру басталады

30 шiлде 2020, 11:15

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР аумағында Көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру Ережелеріне түзетулер енгізу жобасын әзірледі.

Құжатқа сай, стационарлық және жылжымалы Көліктік бақылау бекеттері қазіргідей тек «жүк құраушы аумақтар, автомагистраль қиылыстары мен негізгі халықаралық көлік дәліздерінде» ғана емес, енді «автомобиль жолдарының барлық түрлері мен елдімекендердің көшелерінде» де орнатылатын болады, деп жазады kolesa.kz.

Көліктік бақылау бекеттерінде жүк көліктері, арнайы автокөліктер, автобустар, микроавтобустар мен такси режимінде жұмыс істейтін жеңіл автокөліктер тоқтатылып, тексерілетін болады.
Жеңіл көлік жүргізушілерінің такси тасымалдаушысы ретіндегі қызмет туралы ескертудің қабылданғаны туралы талоны тексеріледі, сондай-ақ, такси ретінде пайдаланылатын автокөліктің заң талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

Жоба авторлары осындай түзетулер арқылы елдегі жолаушылар тасымалын тәртіпке келтіру қажет, деп санайды.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия