jasqazaq.kz

Бақылау бекетінде полицейді қағып кетті (видео)

23 сәуiр 2020, 17:05

#үйдеотыр

Ақтауда біреу мобильді бекетте тұрған полиция қызметкерін қағып кетті.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер 1998 жылғы жас жігітке жамбасының сынуы, оң жақ тізе буынының зақымдануы, сондай-ақ басының жабық жарақаты деген диагноз қойды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов Lada.kz сайтына.
Полиция қызметкерін қаққан жүргізуші ұсталды.

Түнгі сағат 21:15 шамасында 26 ықшам аудандағы «Достық» сауда үйінің жанындағы мобильді бекетте тұрған полиция қызметкерін Toyota Hilux маркалы көлігін тізгіндеген 54 жастағы жүргізуші қағып кетті. Соққы салдарынан полиция қызметкерінің денсаулығына жеңіл дене жарақаттары келтірілді. Жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы, яғни «Төтенше жағдайды бұзу» және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы, яғни «Адам денсаулығына зиян келтіретін, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол ережелерін бұзуы» бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлады аймақтық ПД баспасөз қызметі.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия