jasqazaq.kz

Бақтияр Артаев Деревянченко мен Головкиннің кездесуіне болжам жасады

02 қазан 2019, 18:02

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шындығына келсек, бұл барлық бокс жанкүйерлері көргісі келетін жекпе-жектің бірі. Бұл жекпе-жектің болатынына қуаныштымын. Екі чемпион, екі мықты боксшы өте әдемі бокс көрсетеді деп сенемін», – дейді Артаев.
Айта кетейік, Бақтияр Артаев әуесқой бокста Сергей Деревянченкомен екі рет рингке шығып, жеңімпаз атанған.

Ол осыған орай Сергей туралы көзқарасымен бөлісті.

«Головкин де, Деревянченко да керемет боксшылар. Сергей өте шыдамды: мінезінің арқасында раунд өткен сайын қарқын қосып, қарсыласын «сындырады». Геннадий соққыларымен кез келген раундта қарсыласын жеңе алады, ал Деревянченко мұны негізінен алтыншы раундтан кейін жасайды.
Егер ол GGG-дан алтыншы раундқа дейін ауыр соққы жіберіп, ұтылып қалмаса, жетінші раундтан кейін Генаға қиын болады. Қалай болғанда да, мен досыма қолдау көрсетіп, оған жеңіс тілеймін», — деп түйіндеді Олимпиада чемпионы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда