jasqazaq.kz

Бақтияр Артаев боксшылардың Токиодағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады

29 қыркүйек 2021, 16:12

Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті, мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев боксшылардың Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктері үшін кешірім сұрады.

«Әрине, Токио Олимпиадасында өте сәтсіз болған көрсеткішіміз үшін кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта сараптама, жүйелі жұмыс жасалып, келесі Олимпиада ойындарында өзіміздің бұрынғы көрсеткіштерімізге қайта оралып, жоғары нәтиже көрсетеміз деп сендіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рахмет. Әрі қарай жүйелі жұмыс жасап, спорттық нәтижелерімізді көтереміз. Ешқандай сұрақ жоқ, рахмет айтқым келеді», — деді Бақтияр Артаев Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында.

Айта кетейік, аталмыш шарада Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәдениет және спорт министрлігіне спорт бапкерлерінің айлығын көтеру туралы тапсырма берді.

«Ұлттық олимпиада комитеті Мәдениет және спорт министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жоғары оқу орындарында жаңа білім бағдарламаларын дайындауға атсалысуы керек. Сондай-ақ, министрлікке бапкерлерді қолдау, оның ішінде еңбекақысын көтеру бойынша ұсыныс дайындау керек. Төртіншіден, алдағы Бейжің қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында спортшыларымыздың табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені жуықта Үкіметте талқылағанбыз. Федерация басшыларымен бұл жөнінде жеке кездесу өткіземіз», — деді вице-премьер.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия