jasqazaq.kz

Бақташымен дөрекі сөйлескен әкім жазаланды

27 желтоқсан 2017, 10:50


Павлодар ауданындағы ауылдық округінің әкімі бақташымен дөрекі сөйлесіп, мемлекеттік қызметшінің этикалық мәдениетін сақтамағаны үшін ескерту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облысы әкімі аппаратының этика бойынша өкілетті Юрий Фельдман айтты.

«2017 жылғы 1 желтоқсандағы статистикаға сәйкес, жергілікті атқарушы органның 486 мемлекеттік қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде этика нормасын бұзғандар саны — 20, қызметтік тәртіпті бұзғандар — 110 және басқа да бұзушылықтарға жол берген 356 адам бар. Әдеп жөніндегі комиссия және кеңестің ұсыныстары бойынша жергілкті атқарушы органның 44 қызметшісіне тәртіптік жаза қолданды. Нақтырақ айтсақ, әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін — 14, мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіргені үшін — 11, басқа бұзушылықтарға қатысты 19 қызметші өз жазасын алды, — дейді Юрий Фельдман.

Этика бойынша өкілетті спикердің сөзіне сүйенсек, мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты барлық проблемалық мәселелер бойынша оқиға орнына шығу арқылы тексеріс жүргізілген.

Осылайша, Успен (жер қатынастары мәселесі), Май (аудан әкімінің жұмысын сынға алу), Железин (Михайлов, Еңбекші ауылдық округтері тұрғындарының әкімдеріне ұжымдық шағым жасауы), Лебяжі (аудандық білім беру бөліміндегі моральдық-психологиялық ахуалға шағым және т.б.) аудандарына жұмыс сапарлары жасалды.

«Мәселен, Павлодар ауданының тұрғыны хабарласып ауыл әкімінің бақташымен дөрекі сөйлескенін жеткізді. Осыған байланысты ауыл басшысына ескерту берілді», — деді Фельдман.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде